$ 443.85  474.3  4.8

Мектеп мұғалімі бұқа етінің жартысын әріптестеріне сатқан

Бұқаның мектеп ауласында емес, мал сою пунктінде сойылғаны анықталды.

Самарқандағы №24 орта мектеп ауласында бірнеше күн бұрын ет сатылған. Жауапты инстанциялар тексеру жүргізді, деп хабарлайды Neonomad.kz.

Мектепте қой еті сатылып жатқаны 12 қарашада әлеуметтік желіде хабарланған. Білім беру мекемесінде ет сатылып жатқаны желі қолданушыларының сынына ұшырады. Самарқанд облысының әкімшілігі бұл мәліметті тексеруге кірісті.

«Мектепте істейтін мұғалім ет сатқан. Бір күн бұрын ол бұқа сойған» деп жазды жергілікті басылымдар. Ол еттің жартысын мұғалімдерге сатқан. Олар оны айлыққа жаздырып алған.

Бұқаның мектеп ауласында емес, мал сою пунктінде сойылғаны анықталды. Мұғалім мен мектеп басшылығы ескерту алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары