$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстандық спортшы Талшын Жұматаева әлем чемпионатында топ жарды

Болашақ әлем чемпионы Талшын Жұматаева финалға дейін Үндістан мен Ұлыбритания спортшыларын айқын басымдықпен ұтты.

Аралас жекпе-жектен ересектер мен жастар арасында Бахрейн корольдігің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Талшын Жұматаева жеңістің ең биік тұғырынан көрінді, деп жазады massaget.kz.

20 жастағы спортшы 70.3 келі салмақтың финалында тағы бір қазақстандық Айжан Әбдіқадырдан басым түсті. Болашақ әлем чемпионы Талшын Жұматаева финалға дейін Үндістан мен Ұлыбритания спортшыларын айқын басымдықпен ұтты.

"Спортқа бала күнімнен бері қызығамын. Оқу бітіргеннен кейін де спортта қалсам деген ойым бар. Аралас жекпе-жекке деген қызығушылығым мықты қарсыластарға төтеп беріп, алға қарай жылжуыма мүмкіндік берді", - деп әсерімен бөлісті Талшын Жұматаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары