Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде танымал табиғи кәріптас қоспаларының «Көне кәріптас жәндіктері» көрмесі ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz
Бұл туралы агенттікке «Ертіс мәдениеті» медиа орталығының жетекшісі Данияр Жұмаділ мәлім етті.
«Көрмеге келушілер өте сирек кездесетін және ежелгі артроподтармен жер бетінде шамамен 50 млн жыл бұрын өмір сүрген әрі көріктілігімен таңқалдыратын кәріптастардағы жәндіктерді тамашалайды. Кәріптас жәндіктері - табиғаттың баға жетпес сыйы. Біздің заманымызға дейінгі дәуірлердегі жәндіктер әлемінің өкілдерін өз қалпында сақтап, уақытқа терең үңілуге мүмкіндік береді», - дейді Данияр Жұмаділ.
Көрмедегі табиғи кәріптас-сукцинит түрінде сақталған жәндіктер жасы - 40-50 миллион жыл. Жер бетінде алып диатрлар, қиялдағы мастодонондар, глиподондар, мегатериялар және таңғажайып индрикоториялармен қатар өмір сүрді.
Көптеген мұздық дәуірлері континент жағдайын өзгертті. Әр экспонат келушілерге ежелгі әлемнің мекендеушілерінің көзіне қарауға мүмкіндік беретін нүктелі жарықтандырғыштар және зергерлік линзалар жүйесімен жабдықталған әйнек пирамидада орналастырылған.