$ 446.49  475.38  4.79

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдің 12-ші қабатынан 44 жастағы ер адам құлап кетті

Оқыс оқиға 14 қараша күні кешке Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

44 жастағы ер адам Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үйдің 12-ші қабатынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Оқыс оқиға 14 қараша күні кешке Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Бұл оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Қошқарбаев көшесінде орналасқан үйдің балконынан подъезд қалқаншасына ер адамның құлап кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда", - деді елордалық Полиция департаментінің баспасөз өкілі София Қылышбекова.

Today.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, марқұм ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкері болған.

BaigeNews.kz хабарлағандай, оның артында үш баласы қалды.

"Ол шекара қызметінде шамамен 20 жылдай жұмыс істеді, әскери дәрігер болды, подполковник шеніне дейін көтерілді. Жұмыста тек жақсы жағынан көрінген. Оқиғаның себептерін білмейміз, ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр", - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары