Нигерияның оңтүстігіндегі газ өндіретін зауытта болған жарыс салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты.
Алдымен, баллондарды газға толтырған кәсіпорын қызметкерлері қаза тапты. Жарылыс пен одан кейінгі өрттің ауқымды болғаны соншалық, жақын маңдағы үйлердің кей тұрғындары мен жол-жөнекей өткендер жапа шекті. Бірқатар ауыр жарақаттанғандар қалалықауруханаға жеткізілді, деп хабарлады РИА Новости.