$ 449.58  486.94  4.86

Билл Гейтс миллиардерлер рейтингінде қайтадан көш бастап тұр

Ол екі жылда алғаш рет Amazon компаниясының басшысы Джефф Безосты басып озды. Гейтстің байлығы шамамен 110 миллиард долларға, ал Безостың  әл-ауқаты-109 миллиард долларға бағаланады.
Фото: fishki.net
Фото: fishki.net

Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтс Bloomberg ұсынған миллиардерлер рейтингінде бірінші орынды иеленді. Бұл туралы baq.kz порталы Lenta.Ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол екі жылда алғаш рет Amazon компаниясының басшысы Джефф Безосты басып озды. Гейтстің байлығы шамамен 110 миллиард долларға, ал Безостың  әл-ауқаты-109 миллиард долларға бағаланады.

Сарапшылардың айтуынша, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Пентагонмен қашықтықтан есептеу саласында қызмет көрсету туралы он жылдық келісімшарттың арқасында алға баса алды. Келісім он миллиард долларға бағаланған еді. Amazon бастапқыда осы келісімшартты иеленуге үміткер болған еді, алайда ол жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін компанияның акциялары шамамен екі пайызға төмендеді, ал Microsoft акциялары 4%-ға қымбаттады.

Ең ауқатты миллиардерлер рейтингісіндегі үшінші орында байлығы 103 млрд доллар деп бағаланған Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) компаниялар тобының президенті Бернард Арно тұр.

Шілде айында Билл Гейтс Bloomberg агенттігінің деректері бойынша әлемдегі ең бай адамдардың рейтингісінде үшінші орынға түсіп кетті. Бұл сәттің тарихи болғандығы атап өтілді, өйткені Гейтс бұған дейін екінші сатыдан төмен орын алған емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Билл Гейтс