Кейбір өңірлерде бұрқасындатып, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды sputniknews.kz ақпараттық порталы.
Республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және шығысында кей жерде қар жауады.
Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды синоптиктер.
Мегаполистерде ауа райы қандай боладыНұр-Cұлтанда күн аздап бұлтты, жауын-шашын болмайды, ауа температурасы -2 градусқа дейін жылынады.
Алматыда күн ашық болады, ауа температурасы +7 градус.
Шымкентте күн аздап бұлтты болады, 12 градус жылы, жауын-шашын түспейді.
Өңірлерде ауа райы қандай боладыСолтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасындатып, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасындатып, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Қостанай облысында да бұрқасындатып, тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с -ке дейін күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.