18.11.2019, 23:19

Ақмола облысының тұрғындары қоқыс қалдықтарынан уланып жатыр

Фото: ҚазАқпарат
8 мың тұрғыны бар ауыл халқы үш жыл бойы зауытпен арпалысып әлек.

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Ыбырай Алтынсарин ауылы тұрғындары, қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыттан уланып жатыр. Бүгін "Nur Otan" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына келген тұрғындар геология және табиғи ресурстар министріне осыны жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

8 мың тұрғыны бар ауыл халқы үш жыл бойы зауытпен арпалысып әлек. Олар медициналық қалдықтардың өңделмей, тек өртеліп жатқанына наразы. Бұған дейін облыс әкімшлігіне де шағымданыпты. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ-дейді. Ауыл халқы қолқаны қапқан иістен әбден шаршаған. Министр бұл жағдайды өз бақылауына алтынын жеткізді. 

Қайыржан ШӨКЕЕВ, Ы. АЛТЫНСАРИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Заң бойынша сол зауытта фильтр болуы керек. Ешқандай фильтр жоқ. Қойылған пештер талапқа сай емес. Жабайы пеш сияқты. Кейде жерге жағады. Тонналап машинамен қалдық әкеледі. Адамның шынтақтары, өкпе, бауыр бәрі бар.

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ: 

Біздің адамдар осы апта барады. Комиссия жібереміз. Бүгін міне экология департаментінің басшысы отыр. Көрейік. На каком основании олар бұлай жасап жатқанын. Ең алдымен бәрін тексереміз.