$ 498.34  519.72  4.85

СҚО-да ішімдікке сылқия тойған әкімнің ВИДЕОсы желіге тарап кетті

Видео желіде 18 қараша күні пайда болды.

Желіде Солтүстік Қазақстан облысы Якор ауылдық округінің басшысы Қайырболат Чехмановтың мас күйінде түсірілген шулы видеосы пайда болды. Видео Якор ауылдық округі орналасқан Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында талқыға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео желіде 18 қараша күні пайда болды.

Жарияланған кадрларда мас әкімнің өз көлігінің жанында тұрғанын көрінеді. Оқиғаны суретке түсірген оператордың айтуынша, аудан басшысы мас күйінде ауыл тұрғынының үйінің қоршауын зақымдаған.

Видеоны түсірген ауыл тұрғыны әкімге бейнені «ағасы» - Қызылжар ауданының басшысының қолына тапсырамын деп қорқытуда.

Аудан әкімі аппаратының жетекшісі Қуаныш Сабралинов Sputnik Қазақстанға болған оқиғаны түсіндіріп берді.

Оның сөзіне қарағанда, бейнежазбаны жазу кезінде Чехманов ауданның әкімі қызметінде болмаған - 14 қарашада ол өз еркімен қызметінен кету туралы хат жазып, келесі күні өтінішке қол қойылған. Әкімнің қызметінен кетуіне отбасындағы жағдайлар себеп болды, деп хабарлады әкімдіктен.

Әкімдік бұндай әрекеттер бұрынғы әкімнің мұндай әрекеттерінен хабарсыз екенін айтты.

Аудан әкімдігі экс-әкімнің өзін мемлекеттік қызметкерге лайық емес ұстап, этика кодексінің нормаларын бұзғанын алға тартады. Оның бұл әрекеті «мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтірді» деп сипатталды.

Чехмановтың жоғары лауазымда ұзақ жыл жұмыс істемегенін - тек бір жыл қызметте болғанын айта кету керек.

Басылым, сонымен қатар, облыс әкімдігінен түсінік алды. Олар бұрынғы мемлекеттік қызметкердің қоршауды бұзбағанын, тек қасындағы бұталарға кіргенін айтты. Сондықтан, оқиға салдарынан материалдық шығын орын алмаған.

Сонымен қатар, қол астындағы қызметшісінің бұл қылығы үшін оның басшысы - Жанат Садвокасовтың жауап беретіндігі туралы хабарланған: мемлекеттік қызметкерге «міндеттерін тиісінше орындамағаны және бақылаудың нашарлығы» үшін сөгіс берілген болатын.

Петропавловск.news аймақтық порталының хабарлауынша, аудан әкімі Жанат Садвокасов пен видео авторы арасында ешқандай туыстық қатынастар жоқ, алайда, видеода ол «ағасы» деп атайтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#СҚО #әкім