$ 498.34  519.72  4.85

Қарашаның 19-ында еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, жаяу бұрқасын, солтүстік пен шығыста көктайғақ күтіледі.
Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz

Қарашаның 19-ы күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып. 

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге сүйене отырып, бүгін еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын болады, республиканың орталық бөлігінде және шығысында күндіз кей жерлерде мол көлемде қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, жаяу бұрқасын, солтүстік пен шығыста көктайғақ күтіледі. 

Алматы, Түркістан облыстарының бірқатар аумақтарында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде – тұман түсіп, Қызылорда, Атырау облыстарының бірқатар аумақтарында көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. 

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метрге жетеді. Қостанай облысының кей аумақтарында тұман, Шығыс Қазақстан облысының бірқатар бөлігінде көктайғақ күтіледі. 

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деген болжам бар, жел 15-20 м/с күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары