19.11.2019, 08:00

Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалар анықталды

Фото: Prosports.kz
Еуропа чемпионаты 12 маусым күні басталып 12 шілде күні аяқталады.

2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынайтын 24 құраманың 17-сі анықталды. 

Олар – Бельгия, Испания, Италия, Польша, Түркия, Ресей, Украина, Франция, Англия, Чехия, Швеция, Финляндия, Германия, Голландия, Хорватия, Австрия және Португалия. 

Prosports.kz порталының мәліметінше, 20 команда ЕУРО-2020 турниріне тікелей жолдама алса, 4 құрама Ұлттар лигасы арқылы өтеді. Финалдық кезеңнің жеребесі 30 қараша күні тартылады. 

Айта кетйік, Еуропа чемпионаты 12 маусым күні басталып 12 шілде күні аяқталады. Дүбірлі дода Еуропаның 12 қаласында: Санкт-Петербург, Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Бухарест, Дублин, Копенгаген, Будапешт, Глазго, Бильбао және Амстердам қаласында өтеді.

Дереккөз: 24.kz