$ 448.15  483.46  4.86

Із-түссіз жоғалып кеткен дәмхана қызметшісі табылды

Қыздан 7 қарашадан бері хабар болмаған.

Алматыда жоғалып кеткен дәмхана қызметшісі Ақнұр Мәженова табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше ол туыстарымен байланысқа шығып, жаңа мекенжайын хабарлаған. Жеке бас себептеріне байланысты, оны бұған дейін айта алмағанын жеткізген. Қалалық Полиция департаменті А.Б. Мәженованың хабар-ошарсыз кетуіне байланысты Бостандық аудандық Полиция басқармасы іздестіру ісін бастағанын әрі жедел-тергеу тобы құрылғанын еске салды. БАҚ-та хабарланғандай, қаладағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген қыздан 7 қарашадан бері хабар болмаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәмхана