$ 494.87  520.65  4.91

Тек қана әйелдерге несиеге үй алу жеңілдігі ұсынылады

Гендерлік теңдікке бағытталған ипотекалық өнім Қазақстанда алғаш рет әзірленіп отыр.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда әйелдерге жеңілдетілген шарттармен ипотека беру жоспарланып отыр, деп жазады Sputnik.

Азия даму банкі "Гендерлік теңдікке тұрғын үйді қаржыландыруда жәрдемдесу" жобасы аясында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 100 миллион доллар кредит береді.

Қарыз туралы келісім Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен АДБ президенті Такехико Накаоның кездесуінде бекітілді, деп мәлімдеді ведомстводан.

Гендерлік теңдікке бағытталған ипотекалық өнім Қазақстанда алғаш рет әзірленіп отыр.

"АБД Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен мүлде жаңа жобаға қол қойды. Тек қана әйелдерге жеңілдетілген кредит ұсынылады. Менің білуімше, 12%-ке дейін. Мұндай жобалар қазір сұранысқа ие. Гендерлік қаржыландыру, шынымен, өзекті мәселе, біз оны дамытатын боламыз", - деді Дәленов мәжілістегі үкімет сағатында.

Жаңа ипотека кімдерге беріледі

Қолжетімді қаржыландыруды үш мыңнан аса әйел пайдалана алады.

АДБ қарызының 60%-тен астамы ауыл әйелдеріне беріледі. Кем дегенде 20%-і – табысы төмен әйелдерге ұсынылады, делінген Азия даму банкінің хабарламасында.

Бұған дейін АДБ Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдерге қолжетімді ипотека алу қиынырақ екенін мәлімдеген еді. Оған әйелдер жалақысының төмен болуы себеп екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары