Оралда жаяу жүргіншілер жолында патрульдік полиция жасөспірім қызды қағып кетті. Зардап шегуішіні оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі алып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ, "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Зачағандағы "Молодежная" аялдамасы маңында сағат 23.10 шамасында болған.
Мемлекеттік нөмірі 614 KP 07, бортты нөмірі 174 патрульдік полиция көлігі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында блогер Айболат Букенов хабарлаған. Ол оқиға орнынан екі видеоролик жариялады.
Блогердің сөзінше, оған видеоны куәгерлер жіберген. Айболат Букеновтің мәліметінше, рөлде полиция лейтенанты отырған.
Оқиға орнына келген Айболат Букеновті полицейлер тұтқынға алған. Оның сөзінше, жол-көлік оқиғасы орнына келген Полиция департаментінің басшысы Махсудхан Аблазимов қарамағындағыларға блогерді ұстауға бұйрық беріпті.
"Генералдың өзі менің смартфонымды тартып алып, ондағы видеолардың бәрін өшірді. Мен оған мас сияқты көрінгеннен кейін ол қарамағындағыларға мені наркологияға жеткізуге бұйрық берді", - дейді Айболат Букенов.