$ 494.87  520.65  4.91

"Отандық өнімді қолдайтын" шенеуніктер қашанғы шетелдік жиһаздарда отырмақ?

«Пысықталғаннан кейін жақын арада жоба мемлекеттік органдарға келісуге қайта жіберіледі, содан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне оны бекітуге енгізіледі. Сондай-ақ, жобаны қабылдау мерзімі 2020 жылғы наурызға дейін ұзартылғанын атап өтеміз», - деп жауап берді министрлік.
фото: news.tj/ru/node
фото: news.tj/ru/node

Қазақстанның өзі шығаратын жеңіл өнеркәсіп өнімдерін, жиһаз бен құрылыс материалдарының санын арттыруға мүмкіндік беретін құжатты қабылдау мерзімі 2020 жылдың наурызына дейін шегерілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy порталының ресми сауалына жауап берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың шілдесінде осы ведомство мемлекеттік органдарға мемлекеттік сатып алу кезінде шетелдік жиһаз, текстиль және құрылыс материалдарын сатып алуға тыйым салатын заң жобасын күн тәртібіне шығарған еді. Дәлірек айтсақ, министрлік "жеңіл өнеркәсіптің жекелеген тауарлары, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары үшін 2 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимінен алып тастауларды белгілеу туралы" заң жобасын нормативтік құқықтық актілер ашық талқыланатын интернет порталға шығарған.

Айта кетейік, егер бұл заң жобасы қабылданса, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ірі компаниялары мемлекеттік сатып алу сайтынан тек қазақстандық жиһаз бен текстиль және цемент сатып алуға міндеттелетін еді. Алайда, отандық өнімнің дамуына сеп болатын бұл мүмкіндік кейбір фактілерге байланысты, кейінге шегеріліп отыр.

Министрлік ресми жауабында кедергі фактілерді атады.  Біріншіден, министрліктің мәліметіне сүйенсек, «жобаны негіздеу үшін талап етілетін соңғы үш жылдағы салалар мен кәсіпорындар бойынша деректерді жинау айтарлықтай уақыт алған». Ал, дәл қазір мемлекеттік органдардың жобаға қатысты ескертулері мен ұсыныстары пысықталып жатыр.

«Пысықталғаннан кейін жақын арада жоба мемлекеттік органдарға келісуге қайта жіберіледі, содан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне оны бекітуге енгізіледі. Сондай-ақ, жобаны қабылдау мерзімі 2020 жылғы наурызға дейін ұзартылғанын атап өтеміз», - деп жауап берді министрлік.

Айта кету керек, мемлекеттік органдар жылына 25 млрд теңгеге жиһаз, текстиль және цемент сатып алады. Қазақстан ішкі сұранысты цементпен қамтуға толық қауқарлы. Елде 13 цемент зауыты бар. Ал жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорындар толық қуатымен жұмыс істемейді. Барлығы 1016 кәсіпорын. Жиһаз құрастыратын 843 кәсіпорын бар. Оның 10 шақтысы ғана ірі. Қалғаны шағын компаниялар. Қазақстанға жиһаз өндірісінде Беларусь, Ресей мен Қытай бәсекелес. Киім-кешек, текстиль бойынша Қытай мен Түркия. Ал цемент көбіне Ираннан импортталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары