30-дан асқан отбасылы ер адам желіде 20 жастағы қызбен жүріп жүргенін сөз етті. Ол сонымен қатар басы бос емес екенін бойжеткеннің өзі де білетінін айтты. Алайда ештеңеге қарамастан бәріне көніп жүр екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Отбасылы адам Instagram-дағы facts_ast парақшасында жан сырын ақтарды.
Ер адам 5 жыл отасқаннан кейін өзінен 14 жасқа кіші бойжеткенге ғашық болып қалғанын айтты. Оның сөзінше, ару да оны ессіз сүйеді екен. Сол себепті де ештеңеге қарамастан отбасылы адаммен жүріп жүр екен.
"Жасым 34-те. Отбасы құрғаныма 5 жыл болды. Жақында бір қызды кездестіріп, оған ессіз ғашық болып қалдым. Оның жасы 20-да. Ол да мені өте қатты жақсы көреді. Не істерімді білмеймін", - дейді ер адам.
Оның сөзінше, олар бәрінен жасырынып кездеседі екен. Ер адам өзінің заңды жұбайын ренжітіп алудан қорқады. Сол үшін барыншы жасырынуға тиіс. Алайда ол сылқымнан бас тарта алмайды.
"Жасырынып кездесеміз. Ол менің отбасылы екенімді біледі, бірақ бәріне төзіп жүр. Әйелім білсе, ұрсатынын білемін, оны да ренжіткім келмейді", - дейді ер адам өз сөзінде.
Көпшілік ер адамның мұндай қылығын ерсі көріп, жағымсыз пікірлер жаудырды. Олар 20 жастағы арудың бір күні 30-ға да келетінін айтып, сол кезде ер адамның оны қайта ұнатпай қалуы мүмкін екенін жарыса жазды.