Әлеуметтік желіде қазақстандық әйел тұз ішінен дәрі шығып жатқанын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл видеоны Instagram әлеуметтік желісіндегі @qazaqpizgo парақшасы жариялаған.
«Қараңыздар. Қазір ішінде әппақ-әппақ дәрілер бар. Тұз ғой байқамаймыз. Аспириннің дәрісі ме екен. Білмеймін. Аралтұздың ішінен шығып жатыр. Шын екен қытайлықтардың бірдеңе қосып жатыр дегені», - дейді кадр сыртындағы әйел.
Айта кетейік, видеоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз.