Ақтөбеде мектеп оқушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен кездесті. Жиын №2 мектепте өтті.
«Кездесуде жасөспірімдер қылмысы мен жол-көлік оқиғасындағы жарақат жайы айтылды. Мәселен, 16 қараша күні сағат 21:30-да Қандыағаш қаласының Жастық шағын ауданында жеке басы анықталмаған жасөспірімдер арасында төбелес болған. Соның салдарынан 10-сынып оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Кездесуде полиция қызметкерлері қылмыстың жазасы туралы айтып берді», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 10 қараша күні Ақтөбе қаласында төбелес болып, 10-сынып оқушысы көз жұмды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.