Шиелі аудандық Полиция бөлімі көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық Полиция бөлімі көші-қон қызметінің бастығы, полиция майорын әшкереледі.
Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілігіп отыр.
Күдікті кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.