20.11.2019, 11:15

Кәсіпкердің қоластындағы 15 өзбекті заңды тіркеу үшін көші-қон қызметінің бастығы пара алған (ВИДЕО)

Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Шиелі аудандық Полиция бөлімі көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық Полиция бөлімі көші-қон қызметінің бастығы, полиция майорын әшкереледі.

Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілігіп отыр.

Күдікті кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.