$ 448.89  477.93  4.76

«Манчестер Юнайтед» футболшылары Нұр-Сұлтанды көріп, шошыды

Матч күні температура минус 20 градусқа дейін жетіп қалатыны ескертілді.

"Манчестер Юнайтед" футболшыларына Нұр-Сұлтан көшелерінде ұзақ уақыт жүруден бас тартуға кеңес берілді. Танымал футбол клубы елордаға Еуропа Лигасы турнирі, топтық кезеңнің бесінші турының аясында "Астана" футболшыларымен матч өткізуге келді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі ESPN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылымның мәлімдеуі бойынша, Қазақстанның астанасында ауа-райы салқын болған соң, спортшыларға сыртқа шығып, серуендеуден бас тартуға кеңес берілген. Он минуттан артық далада жүрмеуді сұраған. Матч күні температура минус 20 градусқа дейін жетіп қалатыны ескертілді. 

"Астана" және "Манчестер Юнайтед" арасындағы матч 28 қарашада, "Астана Аренада" өтеді. 

Манкуниандықтар Еуропа лигасының плей-офф атты кезеңіне шықты. Команда төрт мачта он ұпай жинады. Ұпай жинай алмаған "Астана" командасы L кестесінде соңынан санағанда бірінші орында тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары