$ 446.49  475.38  4.79

ШҚО-да газ баллоны жарылып, 7 адам зардап шекті

Салдарынан үйдің жақтаулары құлап, бір жақ қабырғасы опырылып түсті.

Бүгін кешкі сағат 20:50 шамасында Аягөз қаласындағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп жазады 24.kz.

Салдарынан үйдің жақтаулары құлап, бір жақ қабырғасы опырылып түсті. Оқыс оқиғадан зардап шеккен 7 адам жергілікті ауруханаға жеткізілді, олардың 4-еуі бала. Екі ересек адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жарылыстың неден шыққанын мамандар анықтауға кірісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #жарылыс