Бүгін кешкі сағат 20:50 шамасында Аягөз қаласындағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп жазады 24.kz.
Салдарынан үйдің жақтаулары құлап, бір жақ қабырғасы опырылып түсті. Оқыс оқиғадан зардап шеккен 7 адам жергілікті ауруханаға жеткізілді, олардың 4-еуі бала. Екі ересек адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жарылыстың неден шыққанын мамандар анықтауға кірісті.