$ 498.34  519.72  4.85

Жаңа жылда республиканың басым аумағында күн суытып, дауылды жел тұрады

Синоптиктер алдағы Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтарды қандай ауа райының күтіп тұрғанын айтты.

Мамандардың болжамынша, алдағы үш күнде республиканың басым аумағында қар молынан жауып, жел тұрады.

"Кетіп бара жатқан осынау жылдың соңғы күндері күн күрт суытып, қазіргі жылы ауа райының орнын дауылды жел, боран және молынан жауған қар басады. Циклондардың өтуіне байланысты жылдамдығы секундына 15-25 метр болатын жел тұрып, 29 желтоқсан күні бірқатар облыстарда көктайғақ болады.

Синоптиктердің мәліметінше, мереке қарсаңында Таймырдан соққан жел еліміздің солтүстік облыстарына суық ауа райын алып келіп, ауа температурасы әдеттегі нормадан 4-10 градусқа дейін төмендейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары