Өткен тәулікте Қостанай облысында саршұнақ аяздан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Екеуі Рудный және Арқалық қалаларында емделіп жатыр. Ал қалғандары тұрғылықты мекенжайы жоқ жандар. Олар облыс орталығындағы аурухананың жарақат бөліміне түскен.
«Жалпы алғашқы аяз түскелі медициналық көмекке жүгінгендердің саны екі-үш есеге артты», - деп отыр дәрігерлер. Аяқ-қолын үсік шалғандардың басым бөлігі панасыз адамдар. Олар үшінші, төртінші дәрежелі тері үсігіне шалдыққан. Дерттің қатты асқынып кетуінен үшеуінің қол-аяқтарын кесіп тастауға тура келеді.
Анатолий Алагузов, емделуші:
- Мұнда қазан айынан бері жатырмын. Түнде аялдамада ұйықтап қалдым. Оянғанда аяқ саусақтарының жансызданып қалғанын сездім. Қу арақтың кесірінен саусақтарымнан айырылып қалдым.
Ксения Барабанова, облыстық аурухананың баспасөз хатшысы:
- Қостанай қалалық ауруханасы тұрғылықты мекенжайы жоқтар үшін уақытша панаға айналғандай. Алғашқы аяз кезінде үсік шалғандар осында жеткізіледі. Олар емдеу мекемесінде көктемге дейін жатады.