22.11.2019, 17:30

«Мас болған шығар»: Канелоны кімдер төмендеткісі келеді?

фото: xsport.ua
Жекпе-жекте жеңілгендігіне ел алдында бұлай ақталу біздің спорта болмау керек. Бұл біздің спортқа кері әсер етеді.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман ресейлік Сергей Ковалевтің мәлімдемесіне ашуланды, деп хабарлайды Vesti.kz, "Чемпионат"-қа сілтеме жасап.

Ресейлік боксшы Сауль "Канело" Альваресті жеңу мүмкін емес, ал жекпе-жекке тек қаржылық жағы тартымды болғандықтан шыққанын айтқан. 

"Бұл - Ковалев сияқты чемпионның кеш айтылған, сұмдық және қорқақтарға тән мәлімдемесі. "Канеломен" жекпе-жекте жеңілгендігіне ел алдында бұлай ақталу біздің спорта болмау керек. Бұл біздің спортқа кері әсер етеді.

Оның айтқанының салдары болады. Оның сөзінше, бұл алаяқтық. Өзінен кішірек боксшыдан нокаутқа түскенін қабылдау қажет. Енді осындай даулы мәлімдеулер арқылы өзін ақтамақ. 

Екеуі де жақсы жекпе-жек көрсетті, сондықтан мұндай сөздер орынсыз. Мұндайды айтқанда мүмкін Ковалев мас болған шығар. Мен бұл жекпе-жектің аяғын "Канелоның" шыңға көтерілуі деп есептеймін. Ол үлкен жетістікке жетті, осы жолда Ковалевтің күші, ірілігі мен тәжірибесінен артық бола алды. Қазіргі таңда Сауль - әлемде бірінші, мұны қабылдау қажет. Кейбіреулер оны төмендеткісі келеді, алайда, WBC оны мақтан тұтады", - дейді Сулейман.