$ 444.32  473.33  4.76

Әжептеуір еңбек өтілі бар Даниял Ахметов «стандартты айлығын» айтты

Батыс Қазақстан облысының әкімі боп тұрғанда ай сайын 762 000 теңге алыпты.
фото: Total.kz
фото: Total.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өз еңбекақысының көлемін ашық айтпады. Бірақ, алдағы уақытта интернетте жариялауға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін астанада өткен баспасөз мәслихатында облыс басшысына қызметақыға қатысты сұрақ қойылды.

"Бүгінде министрлер мен әкімдер өз жалақысын жариялап жатыр. Сіз де олар сияқты өз еңбекақыңыздың көлемін жариялай аласыз ба?", - деп сұрады журналистер.

Әкім "стандартты айлық" алатынын, бірақ, еңбек өтіліне байланысты басқаларға қарағанда жалақының көбірек түсетінін жеткізді.   

"Керек болса, еңбекақымды жариялаймын. Мен "стандартты айлық" аламын. Ресми сайтым және әлеуметтік парақшаларым бар. Жақын арада сонда бәрін жариялаймын. Басқа шығындарды да көрсетеміз. Бұл жерде құпия жоқ. Барлық шенеунік стандартты жалақы мен сыйақы алады. Сосын көп нәрсе еңбек өтіліне байланысты. Менің әжептәуір еңбек өтілім бар", - деді Ахметов.

Айта кетейік, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов өз айлығы жайында айтқан болатын. Ол Батыс Қазақстан облысының әкімі боп тұрғанда ай сайын 762 000 теңге алғанын жеткізді. Қазіргі еңбекақысы да сондай. Бірақ, еңбек өтіліне қарай оның көлемі сәл өзгереді.

2020 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әкімдер, министрлер мен депутаттар табыс туралы декларацияны ашық ақпарат көздерінде жариялауға міндетті болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары