$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстандық Белоруссия қыздарын жезөкшелікке итермеледі деген күдікпен тұтқындалды

Қазақстан азаматы әлеуметтік желіде жыныстық қатынас жасайтын потенциалды жұмысшы іздеген.
Фото: apixabay.com
Фото: apixabay.com

Қазақстандық Белоруссия қыздарын жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Ол жеңіл жүрісті бикештерді алып Мәскеуге аттанбақ болған жерден Могилева автобекетінде ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Беларусь ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан азаматы әлеуметтік желіде жыныстық қатынас жасайтын потенциалды жұмысшы іздеген. Қыздармен хат алмасып, оларға жеке пәтер мен қорғаушы, 3000 доллар айлық беретінін айтқан. 

«Әлбетте, мұндай шарт шындыққа мүлдем жанаспайды», - дейді баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері күдіктінің артынан аңдып, Моглиевке дейін келген. Күдікті  бұл жерде қыздармен кездесіп оларды ары қарай Минск арқылы Ресейге жібермекші еді. Жоспар бойынша қыздар Ресей астанасына ұшақпен кетуі қажет болатын.

Могилев Тергеу комитетінің ауданаралық бөлімінде жезөкшеліпен айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарланды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қазақстан