23.11.2019, 01:15

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды қаққан соң кері жүріп, мыжып өткен

БҚО-ның полиция департаменті оқиға 8 қараша күні кешкі сағат 6-да болғандығын айтты.

Жарақат алған бала жарты айдан бері ауруханада жатыр. Ол ашық бас сүйек-ми зақымын алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап. 

"Мерей" базарының көлік тұрағында болған. Баланың әкесінің айтуынша, кешкісін олар базарға келіпті.

"Келіншегім қызымды ертіп көлік тұрағында келе жатқанда тұраққа асқан жылдамдықпен Toyota Avensis маркалы автокөлік кіріп келді. Ол менің қызымды қағып қана қоймай, оны мыжып кетті. Содан қайта артқа жүріп, қызымды екінші рет автокөлігімен басты. Біз бұл күнді ешқашан ұмытпайтын шығармыз. Бір кезде көлік жүргізушісі далаға шығып, орын алған байбаламға жай ғана қарап тұрды. Тек екі күн өткен соң ғана кешірім сұрап келіп тұр", - деді қыздың әкесі.

Баланың ата-анасы жол апатын көргендерді іздеп жатыр. Бұған қоса қыздың әкесі бүлдіршіннің екі аптадан бері ауруханада жатқандығын жеткізді. Оның айтуынша, олардың қолында көлік тұрағында түсірілген бейнежазба бар. Алайда ол жерде болған жағдай дұрыс көрінбейді екен.

БҚО-ның полиция департаменті оқиға 8 қараша күні кешкі сағат 6-да болғандығын айтты. 

"37 жастағы Toyota Avensis маркалы көлікті мінген ер азамат 2016 жылғы баланы автотұрақта қағып кеткен. Оқиға байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Жол апатынан жарақат алған бүлдіршін жан сақтау бөліміне жеткізілген", - деп мәлімдеді полиция бөлімінің қызметкерлері. 

Тегтер: Орал