$ 494.87  520.65  4.91

Қақаған аязда мүгедек студентті далада қалдырған автобус жүргізушісі жұмыссыз қалды

Қалтасында небәрі 105 теңге болатын. Бұл жерде қандай проблема бар?

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша №1 автобус паркінің басшысы Н.С. Пулатовқа қатаң сөгіс жарияланды. Аязды күндері кәмелетке толмаған баланы тастап кеткен қала маңына қатынайтын бағдардағы автобус жүргізушісі жұмыстан шығарылды, деп жазады  Aikyn.kz.

Еске салсақ, Ақмола облысы аумағындағы «Лесная поляна» аялдамасында қоғамдық көлік жүргізушісі 17 жастағы мүгедек студентті аязды күні автобустан түсіріп тастаған. Бұл жайында Жәмила Елеусізова өзінің facebook парақшасына жазған болатын.

«Кеше таңертеңгі сағат 7.30-да екінші топтың мүгедегі – 17 жастағы жиенімді «Лесная Поляна» аялдамасында №303 автобус жүргізушісі «жол жүру билетің жарамсыз» деп жолдан түсіріп жіберген. Көшедегі 25 градустық аязда жиенім колледждегі сабағына кешігіп қалған. Қалтасында небары 105 теңге болатын. Бұл жерде қандай проблема бар? Парк басшылығы жыл сайын зейнеткерлер мен мүгедектерге мемлекет белгілеген жеңілдіктердің күшін жояды. Мұндай аязда адамды қалай түсіріп кетуге болады? Неліктен Қосшы тұрғындары үшін мұндай ережелер енгізілген? Неге қаладағы зейнеткерлер жол жүру билеттерімен жүріп келе жатып, жол ортасында зейнеткер санатынан шығып қалады. Бәрі қалада жұмыс істейді, қалада ақша қалады, салықтар төленеді», - деп жазылған жазбасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары