29.12.2015, 07:13

Астана вокзалының ғимараты жолаушыларды сыйғыза алмауда (ВИДЕО)

Астанада ауа райының күрт бұзылуынан тек ұшақтар ғана емес, пойыздар да уақытынан кешігуде. Салдарынан Астана вокзалының ғимараты жолаушыларға лық толды.

Елорда тұрғындарының көпшілігі жұмыс істеу үшін өзге өңірлерден келген азаматтар екені белгілі. Ал, Жаңа жыл қарсаңында олардың барлығына жуығы үйлеріне оралып, мейрамды өз шаңырағында қарсы алғанды жөн санайды. Айтулы мереке қарсаңында әуежай мен темір жол вокзалында жыл сайын жолаушылар қарасының көбейетіні белгілі. Алайда, бүгінгідей адамдар "кептелісі" көптен бері болмаған жайт.

Уақытынан кешіккен жолаушылардан маза қашқан. Тіпті, вокзалдың анықтама бөлімінде істейтін мамандар қай пойыздың қашан жүретінін айта алмай отыр.