24.11.2019, 01:52

АҚШ-тың келесі президенті миллиардер Майкл Блумберг болуы мүмкін

Фото: 7kun.kz
Майкл Блумберг қазіргі америкалық президент Дональд Трампты ел үшін «теңдессіз қауіп» деп санайды.

Нью-Йорктің бұрынғы мэрі миллиардер Майкл Блумберг федералды сайлау комиссиясына 2020 жылы АҚШ президентінің сайлауына қатысу үшін қажетті құжаттарды тапсырды, деп хабарлады 7kun.kz порталы.

Енді бизнесмен президенттік науқан штабын ресми түрде құрып, оған ақша жинай алады. Сонымен бірге, оның өкілдері Блумбергтің сайлауға қатысу туралы әлі де түпкілікті шешім қабылдағанын айтты. Экс-мэр жарнамалық кампанияға кем дегенде 100 млн доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Блумбергтің президент сайлауына қатысуы туралы ресми түрде жақын күндері жарияланады.

Айта кетейік, миллиардердің АҚШ президенттігіне дауысқа түсуі жөніндегі жоспарлары желтоқсанның басында белгілі болды. Майкл Блумберг қазіргі америкалық президент Дональд Трампты ел үшін «теңдессіз қауіп» деп санайды.

9 қарашада Майкл Блумберг Алабама штатында өтетін алғашқы сайлауға Демократиялық партиядан кандидат ретінде тіркелуге құжаттар тапсырды. Ол 2020 жылдың 3 наурызында өтеді.