$ 494.87  520.65  4.91

Талғарда төрт балаға иіс тиіп қалды

Зардап шеккен балалардың халі тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында.
Фото: peepcity.ru
Фото: peepcity.ru

Талғарда төрт балаға иіс тиіп қалды. Жеке тұрғын үйдің мұржасы тазаланбаған, деп хабарлады m.sputniknews.kz порталы Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"Пешті пайдалану ережелерінің бұзылуы салдарынан (мұржаның тазаланбауы) 2010, 2013, 2015 және 2017 жылдары туған төрт бала иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды", - деп ақпарат берді Нұрахметов.

Зардап шеккен балалардың халі тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында.

Осыған ұқсас жағдай Солтүстік Қазақстан облысында да болды. Сулы стансасындағы жеке үйде тұратын 1985 жылғы әйел мен оның 11 жастағы қызы иіс тиіп, ауруханаға түсті.

Екеуі қазір орташа ауыр халде жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары