$ 444.22  476.38  4.82

Нұр-Сұлтанда жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Сондай-ақ, түрлі жарақат алған ВАЗ жолаушысы мен Toyota Camry жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Нұр-Сұлтанда жол көлік оқиғасы болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды елорда ПД баспасөз қызметі.  

Апат 24 қарашада сағат 06.45-те Қабанбай батыр даңғылы бойында болды. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ВАЗ-21099 маркалы автокөлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Мәңгілік ел даңғылына қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысты. Нәтижесінде 19 жастағы ВАЗ жүргізушісі мен ондағы екі жолаушы (1997 және 1983 жылдары туылған) көз жұмды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.  

Сондай-ақ, түрлі жарақат алған ВАЗ жолаушысы мен Toyota Camry жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты