Чилидің астанасы Сантьяго қаласында жаппай наразылық акциясы кезінде банк филиалы тоналды. Бұл туралы korrespondent.net агенттігі хабарлады, деп жазады baq.kz порталы.
France 24 телеарнасының хабарлауынша, наразылық акциясы болып жатқанда банк филиалдарының бірінен шамамен 190 мың доллар ұрланған. Тонаушылар ақшамен қоса екі қару алып кеткен. Сондай-ақ акция кезінде бес дүкенге шабуыл жасалып, екі сауда орталығы өртенген.
Айте кетсек, Чилиде жаппай наразылық шаралары қазан айының ортасында басталды. Халық метрода жол жүру ақысының қымбаттауына наразы. Кейін митинг жаппай тәртіпсіздікке ұласып, шеруге шыққандар полициямен қақтығысты.