1,2 млрд пайдаланушының Facebook, Twitter, LinkedIn және Github сервисіндегі мәліметі ашық деректер базасында тұрған. Бұл туралы киберқауіпсіздік сарапшысы Винни Тройяның сөзіне Wired басылымы сілтеме жасап хабарлады,-деп жазады baq.kz.
Сарапшының айтуынша, мәліметтер желіге пайдаланушылардың жеке профилінен түскен. Олардың ішінде 50 млн телефон нөмірі және пайдаланушылардың еңбек жолының тарихы бар.
Деректер базасында аккаунт құпиясөзі немесе банк карталарының нөмірі болмаған. Бұл кімнің деректер базасы екені белгісіз, файл Google Cloud сервисінде сақтаулы. Оның атауы People Data Labs компаниясына тиесілі. Бірақ аталған компанияның негізін қалаушы Шон Торн бұл сервисті пайдаланбайтындарын айтты.
Винни Тройя ФБР-ге деректер базасы туралы хабарлағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң файл бұғатталды.