$ 491.7  531.28  5.07

Жанармай бағасы 10 теңгеге қымбаттайды

ҰЭМ қазан айында жариялағандай, Қазақстанда жанармай бағасын 10 теңгеге өсіру жоспарланған.

Ұлттық экономика министрлігі жанармай акцизы құнының 10 теңгеге қымбаттайтын уақытын атады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі ведомство баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

ҰЭМ қазан айында жариялағандай, Қазақстанда жанармай бағасын 10 теңгеге өсіру жоспарланған.  Баға өсімі 2019 жылдың бірінші желтоқсанынан бастап жүргізілуі керек болған, алайда Энергетика министрі Қанат Бозумбаев бензин акцизіне қатысты 2019 жылы ешқандай өзгеріс болмайтындығын мәлімдеген.

Акциз құнын не себептен өсіреді

ҰЭМ бұл сауалға қатысты 2 себепті атап көрсетті:

•    Бюджет шығындары өсті, сондықтан бюджет консолидациясы қажет, оның ішінде акциздың фискалды қызметтері арқылы жүргізілетіндері;

•    Шекаралық аймақтарда ресейліктер Қазақстан территориясынан арзан бағада жанармай алады, бұл өз кезегінде Ресей экономикасын субсидиялау дегенді білдіреді.

Жанармай бағасының қымбаттауы көлік қолданылатын барлық саладағы қызмет түрлерінің бағасының өсуін білдіреді. Бүгін, қарашаның 25-сі  жоғарыда аталған мәселеге қатысты Сенат депутаттары Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовқа сұрақ қойған еді. Министр жанармай бағасының 10 теңгеге қымбаттауы инфляцияға, шағын және орта бизнес өнімдеріндегі акциз құнының өсуіне айтарлықтай әсер етпейді деп жауап берді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жанармай