Петропавлда дәрігерлер 4 жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Петропавловск.news.
Қайғылы оқиға 24 қарашада болған. Амангелді көшесінің бойындағы бес қабатты үйлердің біріндегі пәтерден 2015 жылғы бала құлап кеткен. Ол қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Бала көптеген жарақат алған, миына зақым келген.
Тергеушілер әзірше бұл істе кімнің кінәлі екенін таппады. Осы уақытта ата-анасының қайда болғаны белгісіз. Азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Құлбаев бірнеше нұсқаны айтты. Олардың бірі - ата-анасының үйінде болмауы.
"11:55-те 2015 жылғы баланың терезден құлап кеткені туралы хабар келді. Алдын ала болжам бойынша, бала терезені ашып, таза ауа кіргізбекші болған, не ата-анасын шақырмақ болған немесе аулада ойнап жүрген балалармен сөйлескісі келген. Сосын москит торына сүйенген бетте құлап кеткен. Бала дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл - жыл басынан бергі төртінші жағдай", - деді СҚО ТЖД өкілі Құлбаев.
"Нақты мәлімет жоқ, анасы ас бөлмесінде болды немесе дүкенге шығып кетті. Ақпаратты нақтылайтын боламыз. Себептерін тергеу органдары анықтайды", - деді ол.