Кеше кешкі сағат 22:55 шамасында Алматы қалалық әкімдігінің алдында Порше Панамера көлігімен төрт бірдей машинаны соғып, бір адамды ауруханаға түсірген тентек туралы бүгін сайтымызда жазғанбыз.
Nege.kz тілшісі қымбат Поршенің рөлінде кім болғанын анықтады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада былай делінген: «Темірлан Нұрланұлы Арон Porshe 777 ZZX 02 көлігімен Сәтбаев көшесінің бойымен шығыс бағытқа келе жатқан. №230/3 «Пекинская кухня» мейрамханасының алдында рөлге ие бола алмай, Лексус 570, екі Мерседес және Тесла көлігін соққан. Соның салдарынан Мерседес көлігінің жүргізушісі зардап шекті».
Жол апатына себепкер болған Темірлан Нұрланұлы Арон 2001 жылы Алматы қаласында туған. Жол апатын жасаған кезде Темірлан Нұрланұлы сау болды ма, әлде мас болды ма, ол жағы әзірге белгісіз.