26.11.2019, 22:24

Маңғыстау облысында ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 90-95%.

27 қараша күні жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасай отырып. 

«Маңғыстау облысында күндіз 27-қараша күні кей жерлерде оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғып, екпіні 23 метрге жетеді. 27 қараша күні Ақтауда да оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады»,-деп хабарлады синоптиктер. 

Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 90-95%.

Тегтер: Маңғыстау