Маңғыстауда арыстан асырайтындардың видеосы әлеуметтік желілерде таралып, кейін өшірілді. Оқиға Маңғыстау облысында болған деген болжам бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода автор тордағы арыстанды көрсетеді. «Қараңдар, жігіттер, Ақтауда Симбаны асырап жүргендер бар екен. Олар арыстанды үйде ұстайды, қараңдар!» - дейді.
Арыстан өзін тордың бер жағынан ойнатып тұрған ер адамның қолын ауыртпай тістелейді. Сондай-ақ, ол арыстанның 11 қарашада бір жасқа толатынын айтады.
Қазір кадрларды зерттеп жатқаны және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге бейненің қайда және кім түсіргені анықталу үстінде екені белгілі болды.
Полиция оқиғаның әлі тексеріліп жатқанын айтады.