22.11.2019, 13:16

Шымкенттік шенеуніктер азық-түлік бағасын қалай тұрақтандырады?

Фото: pixabay.com
Өз отбасының жәрмеңкеден азық-түлік алатынын айтқан Береке Дүйсебеков базарға жиі келеді екен.

Шымкентте жыл басынан бері бағаны негізсіз көтерген 8 субъекті айыппұлға тартылған. Соған қарамастан азық-түлік нарқы күннен-кенге шарықтап барады. Биыл әсіресе халық жиі тұтынатын 6 тауар түрі тіпті қымбат. Ал қалалық шенеуніктер бағаны тұрақтандыру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Береке Дүйсебековтің сөзіне қарағанда жергілікті бизнес өкілдерінің экспорт көлемін ұлғайтуы қымбатшылыққа тікелей әсер етіп жатыр. Алайда, тұрақтандыру қорына қомақты қаражат құю арқылы нан бағасын 70 теңге етіп ұстап отырмыз дейді.

Өз отбасының жәрмеңкеден азық-түлік алатынын айтқан Береке Дүйсебеков базарға жиі келеді екен.

Бағаларға күндіз-түні мониторинг жүргіземіз деп сендірген басшы орынбасары тіпті ватсаптағы ортақ чаттың да қымбатшылықпен күресуде пайдасы тиіп жатқанын айтады.

Тегтер: азық түлік