Қазақстанның мұнай және газ министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директоры Қуандық Сағындықұлы тамыз айында бензин мен дизель отынының қымбаттамайтынын айтты,деп хабарлайды Nur.kz.
«Ешқандай қаулы, заңға сүйеніп шешім шығарған жоқпыз. Тамыз айында жанармай қымбаттайды деген ақпарат жалған» деді әлеуметтік желілерде тараған лақаптан хабардар департамент директоры.
Естеріңізге сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарында АИ-92/93 маркалы бензин 141 тенгеге, АИ-80 маркалы бензин 122 теңгеге, дизель 129 теңгеге қымбаттайды деген ақпарат пайда болған еді.