$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте мемлекеттік бюджет жоспары артығымен орындалған

Сондай-ақ, аталған жиында 2019 жылдың алғашқы 10 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндаған Нұралхан Оралбайұлы кәсіпкерлердің 75 млн. теңге шамасындағы өсімпұлы мен айыппұлы кешірілгенін жеткізді.

Шымкент қаласында республикалық бюджет жоспары 102%, ал жергілікті бюджет жоспары 106%-ға орындалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы бүгінгі ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Н. Көшеров мәлімдеді. Оның айтуынша, республикалық бюджет жоспары 102%-ға, яғни 1,4 млрд.тг. асыра орындалған. Ал, жергілікті бюджет жоспары 106%-ға немесе 3,9 млрд.тг. артығымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, аталған жиында 2019 жылдың алғашқы 10 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндаған Нұралхан Оралбайұлы кәсіпкерлердің 75 млн. теңге шамасындағы өсімпұлы мен айыппұлы кешірілгенін жеткізді.

«Бұл 2 345 шағын және орта бизнес субъектілерінің 421 млн.тг. берешегін өтеуіне байланысты жасалған жеңілдік. Сонымен қатар, 396 млн.тг негізгі қарыз сомасын өтеген 42 406 жеке тұлғаның 63 млн.тг. өсімпұл сомасы шығарылды» - дейді департамент басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары