$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте кәсіпкер атанғысы келетін жастарға 505 мың теңге беріледі

Ал аталған жобаға қатысушы жастарды тіркеу 2019 жылдың 1-4 қараша аралығында Халықты жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі.

Шымкент қаласында кәсіпкер атанғысы келетін жастарға мемлекеттік гранттар беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атап айтсақ, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға" арналған мемлекеттік гранттар жастардың жеке кәсіпкер атануына мүмкіндік сыйлап отыр. "Атамекен" ҰКП-де оқу арқылы иеленуге болатын гранттың көлемі – 505 000 теңгені құрайды.

Ал аталған жобаға қатысушы жастарды тіркеу 2019 жылдың 1-4 қараша аралығында Халықты жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі.

Айта кетейік, бұл жобаға жасы 29 жасқа дейінгі жастар және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыса алады.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/а., Бәйтереков көшесі 89.

Байланыс телефоны: +77479726899.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кәсіпкер