Шымкент қаласында кәсіпкер атанғысы келетін жастарға мемлекеттік гранттар беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атап айтсақ, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға" арналған мемлекеттік гранттар жастардың жеке кәсіпкер атануына мүмкіндік сыйлап отыр. "Атамекен" ҰКП-де оқу арқылы иеленуге болатын гранттың көлемі – 505 000 теңгені құрайды.
Ал аталған жобаға қатысушы жастарды тіркеу 2019 жылдың 1-4 қараша аралығында Халықты жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі.
Айта кетейік, бұл жобаға жасы 29 жасқа дейінгі жастар және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыса алады.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/а., Бәйтереков көшесі 89.
Байланыс телефоны: +77479726899.