Қазақстанның басым аумақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерінде тұман күтіледі, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысында тұман, бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - жаяу бұрқасын.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде - тұман.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.