Шымкент қаласының сәулеттік келбетін көркейту мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан коммерциялық нысандарда және сауда орындарының ғимараттарында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамаларды ретке келтіру мен аудандардың салық түсімдерін ұлғайту мақсатында бекітілген 2019 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлерімен Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мен жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері бірлесе кезекті іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Іс шара барысында, аудан аумағындағы А.Байтұрсынов және Ғ.Іляев көшелерінде орналасқан коммерциялық нысан иелеріне ҚР «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы 508 бабының 11-бабына және ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-V1 ҚР3 кодексінің 603 және 605 баптарына сәйкес заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 7 ескерту парақшалары таратылып, 3 кәсіпкер сәулет және қала құрылысы басқармасына тіркелді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.