$ 494.87  520.65  4.91

«Мектептерде ата-анаға мейрам кезінде дастархан жайғызуды қою керек» - Қуаныш Сұлтанов

Наурыз мейрамы бауырсақ пісірумен бітпейді ғой.
фото: Е-history.kz
фото: Е-history.kz

Педагогтың сансыз есеп беруін тоқтау керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутаты Қуаныш Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ұлттық мейрамдарымыз, Наурыз мейрамымыз бар. Осындай кезде мектептерде оқушыларға, оқушылар арқылы олардың ата-аналарына тапсырма беріп, мектептерге бір нәрселер әкелгізіп, дастархан жайғызуды қашан қоямыз? Осыларды тоқтатайық та. Наурыз мейрамы бауырсақ пісірумен бітпейді ғой. Ұлттық намысымыз, патриоттық рух қайда? Біздің әнұранымыз, туымыз қайда? Осыларға екпін беруміз керек», - деді депутат.

Сонымен қатар, ол қоғамдық шаралар арқылы баланың қоғамға, өзінің Отанына деген сүйіспеншілігін оятып, міндетін түсіндіру керектігін баса айтты.

«Содан кейін педагогтың сансыз есеп беруін тоқтау керек. Педагогтың күн сайын оқу ісі жөніндегі меңгерушіге, директорға есептері бар. 350 қағаз жазады екен. Қажеті қанша? Педагог оқушының дәптерін тексерсін, оқуын қарасын», - деді Қуаныш Сұлтанов.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып, мақұлданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары