Шымкентте мұнай өңдеу саласына қажетті каталитикалық крекинг катализаторын шығаратын зауыт салынбақ. «Сracking catalуst » ЖШС-і жобаны жүзеге асырса, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Сracking catalуst » ЖШС -і 2017 жылдың қараша айында ашылды. Былтыр өндіріс базасы құрылып, бүгінде кәсіпорынның өз қоймалары бар. Қысқа мерзімде сілтіні ерітетін қондырғы да орнатылды. Кәсіпорын түрлі қойытылған ерітіндіде каустикалық сода дайындайды. Өнім Қазақстанда ресми тіркелген. Өндіріс меңгерушісі Фарзухан Айтымбетов «сапалы өнім шығару технологиялық процесі қадағалауда»,- дейді.
Кәсіпорынның басты бағыты Шымкент мұнай өңдеу зауытын каталитикалық крекинг қондырғыларымен қамту. Бұл қондырғылар ЖЖМ мен мотор майларын өндіруде мұнайды терең өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын каталитикалық крекинг өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі қытайлық компаниямен жұмыс істейді. Осындай тығыз қарым-қатынастың арқасында кәсіпорын сапалы өнімді мерзімінде жеткізуді жолға қойды.
Тәжіхан Жақсыбаев, «Сracking catalуst » ЖШС-нің бас директоры: «Қытай компаниясы катализатор өндірісі зауытын салу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақстанда мұндай өндіріс орны жоқ. Бұл алғашқы зауыт болмақ. Ағымдағы жылдың сәуірінде қытайлық компаниямен меморандум түзілді».
Қазіргі таңда қытайлық серіктестер зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындай бастады. Шымкентке 5-6 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құймақ. Зауыт іске қосылса, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
«Жаңа технологиямен жұмыс істеуді үйренгеннен кейін біз шетелдік шикізатты отандық өнімге алмастырамыз. Инвестор жобаға салған қаржысын толық өндіріп болған соң зауыт біздің басқаруымызға өтеді. Біріккен кәсіпорын ашу да жоспарда бар»,- дейді компания басшысы Кәсіпорын мемлекеттен жәрдем боларынан үмітті.
Және жобаны индустриализация картасына енгізуге ниетті. Өйткені бағыты- шағын және орта кәсіпті қолдау мемлекет ұстанған маңызды саясаттың бірі.